СҚО-да жеке тұрғын үй өртеніп, ұлы мен әкесі қайтыс болды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 11 қаңтар кешкісін Солтүстік Қазақстан облысы Майбалық ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шықты. Нәтижесінде ұлы мен әкесі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 қаңтарда оқиға туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет берді:
"101 пультіне хабар түскеннен кейін өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері дереу бағытталды. Құтқарушылар келген кезде үй толықтай жалынға оранған және толықтай опырылғаны анықталды. Үй иесінің айтуынша, өрт шыққан кезде оның жұбайы мен екі кәмелетке толмаған баласы үйде болған. Өртті сөндіріп, қирандыларды қарау барысында құтқарушылар ер адамның және бір кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Екінші кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстары жалғасуда".

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Оқиға орнында облыстық ТЖД басшылығы жұмыс жасап жатыр, психологтар үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетуде.
"Өрт 64 шаршы метр аумақта жойылды. Себебі анықталуда. Өрт сөндіруге ТЖД-ның 24 қызметкері және 6 техникасы, сондай-ақ "Агрофирма" ЖШС-ның ерікті өрт сөндіру жасағы жұмылдырылды", – деп мәлімдеді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға пештік жылу қондырғыларын, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескертеді.
Бұған дейін Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 12 қаңтар 2026
12-15 қаңтар: Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қатты аяз болады
-
16:47, 12 қаңтар 2026
Қазақстан теннис тарихында алғаш рет ерекше жетістікке жетті
-
16:41, 12 қаңтар 2026
Абай облысында учаскелік полицей камераның көмегімен жоғалған баланы іздеп тапты
-
16:20, 12 қаңтар 2026
12 қаңтарда доллар бағамы сәл төмендеді
-
16:14, 12 қаңтар 2026
Қазақстан экономикасы жеделдеді: 2025 жылы жалпы ішкі өнім 6,5%-ға өсті





