2025 жылы оқушыларды тегін тамақтандыруға 15 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды
© Фото: Министерство просвещения РК
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға жауап бере отырып, мектеп оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның мәліметінше, 2025 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 953 мың бала тегін тамақпен қамтылған.
"Олардың 67 мыңы – әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы отбасылардың балалары. Тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 15,4 млрд теңге бөлінді", – делінген жауапта.
Министр сондай-ақ білім беру ұйымдарында Тамақтану стандартына сәйкес балалардың жас ерекшелігі, калориясы мен маусымдылығы ескерілген перспективалық үлгілік мәзір бекітілгенін еске салды.
Стандартқа сәйкес қанттың үлесі 3,6 есе, тұз 5 есе азайтылған, көкөніс, жеміс-жидек пен сүт өнімдерінің үлесі арттырылған, мәзірден шұжық пен ысталған өнімдер алынып тасталған, тәтті сусындар суға ауыстырылған. Сондай-ақ ерекше диеталық қажеттілігі бар балалардың тамақтануына қойылатын талаптар белгіленген.
"Стандарт талаптарына сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан бастап инфляция деңгейін, орташа бағалар мен статистикалық деректерді ескере отырып, білім беру ұйымдарындағы тамақтану мәзіріне тарифтер бекітілді. Бұдан бөлек, Бюджет кодексі мен "Білім туралы" заңға сәйкес, тамақтандыру шығындары жергілікті бюджет есебінен жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге өңірлер экономикалық мүмкіндіктеріне қарай бұл шығындарды жергілікті бюджет есебінен арттыруға құқылы", – деп қосты Аида Балаева.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты мектептегі тамақтану құнын қайта қарауды және бағаны тұрақтандыру шараларын күшейтуді ұсынғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 12 қаңтар 2026
АҚШ елшілігі отандық педагог қауымына арналған тамаша жаңалықпен бөлісті
-
17:15, 12 қаңтар 2026
«Қауіпсіздік диалогсыз болмайды». Жаңадан тағайындалған Алматының бас полицейі мәлімдеме жасады
-
16:56, 12 қаңтар 2026
12-15 қаңтар: Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қатты аяз болады
-
16:50, 12 қаңтар 2026
Қысқы көрініс: Астананы бұрын-соңды болмаған қалың қар басты – фоторепортаж
-
16:47, 12 қаңтар 2026
Қазақстан теннис тарихында алғаш рет ерекше жетістікке жетті





