Президент Құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі

18:29, 12 қаңтар 2026

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысы өтетін датаны белгіледі. Бұл туралы президент бүгін, 2026 жылы 12 қаңтарда Парламенттік реформа бойынша өткен кезекті жұмыс кеңесінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттің Ерлан Қаринмен және Ержан Жиенбаевпен өткізген Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесінде Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселесі де қаралды.

"Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді", делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін 2026 жылғы 9 қаңтарда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламент реформасы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өткені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!