Алматыда патруль көлігінің үстіне алып ағаш құлап кетті

09:38, 8 мамыр 2024

© Сурет: instagram.com/100baksoff

Алматыда 7 мамырда патруль көлігінің үстіне алып ағаш құлап кетті, полицейлер зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz .

Қазнетте үлкен ағаштың полиция көлігінің үстіне қалай құлағаны түсірілген видео тарады.

Автор оқиға Нүсіпбеков көшесінде болғанын айтқан. Оның пайымдауынша, ағаш апта бойы қалада жауған жауын-шашынның салдарынан құлауы мүмкін.

"Апта бойы жауған жауын-шашын салдарынан көп ағаштың тамыры әлсіреп, тіпті шіріп кетті, соның салдарынан олардың біреуі тоқтап тұрған көліктерге, соның ішінде учаскелік полиция қызметкерінің қызметтік көлігіне құлап кетті. Біз оқиғаның салдарын жоюға кірісіп кеттік", - делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты Zakon.kz сайтына түсінік берді.

"Оқиға 7 мамыр күні сағат 11:15-те Алматының Медеу ауданында болған, қызметтік көлікте болған учаскелік инспекторлар зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!