Алматыда өрт болған хостелдің заңсыз орналасқаны белгілі болды
© Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі өрт болған ғимараттың иесі мен жалға алушының есімі және салыну мақсатын анықтап, ақпарат берді деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдіктің хабарлауынша, ғимараттың иесі - "КУСА Халык" ЖШС. Жалға алушы – "ALA Hostel" ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – дүкенді пайдалану және қызмет көрсету.
Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы – 457 шаршы метр.
ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңына сай үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу керек. Оның үстіне Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген. Дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет.
"Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады. Осылайша жоғарыда аталған мекенжай бойынша хостел санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, заңсыз орналасқан", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





