Алматыда мектеп түлегінің өліміне қатысты ЖОО алғаш рет түсініктеме берді
© Сурет: pixabay
Денесі субұрқақ жанынан табылған 17 жасар бозбаланың өліміне қатысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасы қайғылы оқиғаға қатысты ЖОО басшылығы түсініктеме бергенін хабарлайды.
Сол күні мектеп түлегі университетке ҰБТ тапсыруға келген. Алайда техникалық себептерге байланысты емтихан тапсыру мерзімі кейінге шегерілген. Ал бозбала бірден үйіне қайтпай, ЖОО алдындағы субұрқаққа шомыла кетуді жөн көріпті.
"Субұраққа бірнеше бала келген. Бірақ арасында сол бала ғана суға түскен. Оны судан сол жанындағы балалар алып шыққан. Кісі өлімі себебін медициналық сараптама анықтайтын болады. Жалпы, мында "суға түсуге тыйым салынады" деген жазу төрт жағында жазылған. Себебі универститет аумағы көркем әрі жайлы болғандықтан тұрғындар мен студенттер мұнда еркін жүреді. Олардың қауіпсіздігі үшін міндетті түрде сол белгілерді қойғанбыз. Университетіміздің аумағында болған оқиғаға байланысты марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз". әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры:Еркін Дүйсенов
Білім ошағы қайғылы оқиғадан кейін субұрқақты өшіріп тастаған.
Айта кетсек, 19 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ территориясында субұрқақ жанынан бозбала өлі күйінде табылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:44, 25 қаңтар 2025
«Тұман, боран, көктайғақ». Синоптиктер Алматы мен еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
17:23, 25 қаңтар 2025
Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті
-
17:12, 25 қаңтар 2025
Жетісу облысында тауға аттанып, жоғалып кеткен үш адамды іздеу үшін тікұшақ көкке көтерілді
-
16:28, 25 қаңтар 2025
«Алматы Аренадағы» өртті сөндіру кезінде төрт бала құтқарылды
-
16:23, 25 қаңтар 2025
Белгілі журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды