Қазақстанда қайтарылған активтер аукционға қойылды
© Сурет: ЖИ көмегімен жасалды
Қазақстанда мемлекет басқаруына өткен мүліктердің тізімі аукционға қойылды. Тізімге Астанадағы элиталық пәтерлер, қымбат зергерлік бұйымдар, сағаттар топтамасы және тұтас бір компания кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аукциондар туралы ақпарат Қайтарылған активтерді басқару компаниясының сайтында жарияланды. Ал лоттар мемлекеттік мүлік тізімінің sauda.e-qazyna.kz веб-порталына орналастырылған.
Аукциондағы ең қымбат нысан — "Тұлпар" ЖШС-нің 100 пайыздық қатысу үлесі. Компанияның бастапқы бағасы 991,4 млн теңгеден асады. Бұл лот бойынша сауда 2026 жылғы 26 тамызда сағат 10:00-де өтеді.
27 тамызда зергерлік бұйымдар мен қымбат сағаттар аукционға шығарылады. Бұл санатта 32 бөлек лот бар. Олардың жалпы бастапқы бағасы 736 млн теңгеден асады.
Аукционның соңғы кезеңі 28 тамызда өтеді. Бұл күні инвесторлар мен сатып алушыларға елордадағы элиталық пәтерлер ұсынылады.
Атап айтқанда, аукционға мына үйлер шығарылады:
- "Парижский квартал" ТК-дегі ауданы 309,5 шаршы метр болатын екі деңгейлі пәтер. Бастапқы бағасы — 363,2 млн теңге;
- "Green Village" ТК-дегі ауданы 231,8 шаршы метр апартамент. Бастапқы бағасы — 214 млн теңге;
- "Парижский квартал" ТК-дегі ауданы 93,6 шаршы метр тағы бір пәтер. Бастапқы бағасы — 112,9 млн теңге.
Еске салайық, ақпан айының басында Алматыдағы Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған бизнес-орталық та аукционға шығарылған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:20, 10 қыркүйек 2026
Тоқаев Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
-
23:43, 9 қыркүйек 2026
Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды
-
22:57, 9 қыркүйек 2026
Оқушы қыз орамалы: ҚМДБ Оқу-ағарту министрлігі мен уәкілетті органдарға ұсыныс жасады
-
22:36, 9 қыркүйек 2026
Ақмола облысында алтын кенін заңсыз өңдеген екі шағын цех анықталды
-
21:56, 9 қыркүйек 2026
Рақымшылық шарасы: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шығып үлгерді





