Жұмыстан шаршаған мейіргер түнгі ауысым кезінде науқастарды өлтірген
© Фото: pexels
Германияда жұмыстан шаршап, науқастарды өлтіргені үшін өмір бойына сотталған мейіргерге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары оның қатысы болуы мүмкін тағы 139 күдікті өлімді тексеруде, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Straits Times басылымының дерегінше, Германия соты Ульрих С. есімді қылмыскер түнгі ауысым кезінде науқастарға тыныштандыратын және ауырсынуды басатын дәрілердің мөлшерін әдейі асырып бергенін анықтаған.
Оның құрбандарының басым бөлігі қарт адамдар.
"Ульрих С. өз әрекетін жұмыстан шаршағандықтан жұмыс жүктемесін азайту үшін жасағандығын түсіндірді. Мейіргердің 10 науқасты өлтіргені және тағы 27 адамды өлтіруге әрекет жасағаны дәлелденді", — деп жазылған басылым хабарламасында.
2025 жылдың қарашасында ол кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Қазір сотта Ульрих С.-ға қатысты тағы 139 күдікті өлім жағдайы қаралып жатыр. Оған жаңа айыптар 2027 жылы тағылуы мүмкін.
Бұған дейін Маңғыстауда халықтық емдеу сеансында науқастың қайтыс болуына қатысты іс бойынша үкім қайта қаралғаны хабарланған. Процедураны емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике жүргізген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 13 тамыз 2026
Петропавл тұрғындары бес ай бойы бос пәтерлердің ипотекасын төлеп келеді
-
13:36, 13 тамыз 2026
Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметінен кетеді
-
13:29, 13 тамыз 2026
Қазақстанда ауқымды «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының алғашқы нысанын іске қосу мерзімі аталды
-
13:15, 13 тамыз 2026
Қазақстандағы Telegram ақауына министрлік пен «Қазақтелеком» түсініктеме берді
-
13:01, 13 тамыз 2026
Президент ұсынған идеологемалар Алматыдағы Жастар күнін кең көлемде атап өтудің негізіне айналды





