Қазақстанда жеке сот орындаушылары автоматтандырылған тәртіппен аттестаттаудан өтеді
© Фото: zhso.kz
Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын дайындады.
Аталған құжатта жеке сот орындаушысы қызметін атқаруға үміткер тұлғаларды автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу тәртібі белгіленген.
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу;
- практикалық дағдылардың жеткілікті деңгейін тексеруге бағытталған компьютерлік тестілеу.
Әділет министрлігінің түсіндіруінше, бұл бұйрық жеке сот орындаушысы қызметіне үміткерлерді аттестаттау процесін автоматтандыру мақсатында әзірленген.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:47, 11 наурыз 2026
Алматыда полиция қызметкері ауладағы әжетханаға құлап кеткен қызды құтқарып қалды
-
20:26, 11 наурыз 2026
Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолды төрт жолақтыға кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды
-
20:12, 11 наурыз 2026
Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады
-
19:43, 11 наурыз 2026
12 наурызда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:30, 11 наурыз 2026
Астаналықтардың салық бойынша берешегі миллиардтаған теңгеге жетті





