Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстанды Бейбітшілік Кеңесіне шақырды
© Фото: akorda.kz
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстанды Бейбітшілік Кеңесіне шақырды. Бұл туралы ҚР президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Руслан Желдібайдың айтуынша, "бірқатар ел басшыларының мәлімдемелерінен кейін Дональд Трамптың ресми шақыруын алған фактісін жасыру дұрыс болмас еді".
"Иә, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік басшылардың арасында ең бірінші болып ресми түрде Бейбітшілік Кеңесінің құрамына шақырылды, ал Қазақстан осы жаңа бірлестіктің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі болуға ұсынылды. Жауап ретінде мемлекет басшысы АҚШ Президентіне шынайы алғысын білдіретін және бұл жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады", – деп хабарлады президенттің көмекшісі.
Сонымен қатар, Руслан Желдібайдың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікті орнатуға, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылыққа өз үлесін қосуға дайын екенін растаған.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 23 желтоқсанда белгілі болғандай, ұзақ әңгімеден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Қазақстанға келуге шақырған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:21, 7 ақпан 2026
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды
-
19:31, 7 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында сынға түсті
-
19:29, 7 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды
-
18:31, 7 ақпан 2026
Дэвис кубогы: Монако теннисшілері Қазақстанға қарсы кездесуде алға шықты
-
18:12, 7 ақпан 2026
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды





