Алматыда күндізгі бөлім студенттерін белгіленген нормадан тыс тіркеу ұсынылды

10:21, 9 қараша 2026
MKZ: 1576645

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматы қаласы мәслихатының шешім жобасы әзірленді. Жобада қала аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативіне өзгеріс енгізу ұсынылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта мынадай мақсаттар көзделген:

  • халықты есепке алу жүйесін жетілдіру;
  • көші-қон үдерістеріне тиісті бақылауды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметтерді жоспарлау және көрсету тиімділігін арттыру.

Сонымен қатар Алматыдағы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерді белгіленген нормадан тыс тіркелуге жататын азаматтар санатына қосу ұсынылып отыр.

Шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатты қоғамдық талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!