Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

14:20, 8 қараша 2026
MKZ: 1576569

© Фото: zakon.kz

Алдағы бес күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн күрт суытады деп күтіледі. Аномальды жылы ауа райының орнына қар мен жаңбырлы күндер келеді, түнде ауа температурасы 4 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

  • 9 қараша: аспан бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +4...+6°C, күндіз: +9...+11°C. Желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұстарда - 15-20 м/с.
  • 10 қараша: аспан бұлтты, кей уақытта, негізінен, қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде: -1...-3°C, күндіз: 0...+2°C. Желдің екпіні - 9-14 м/с.
  • 11 қараша: аспан бұлтты, кей уақытта, негізінен, қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде: -2...-4°C, күндіз: 0...+2°C. Желдің екпіні - 9-14 м/с.
  • 12 қараша: аспан бұлтты, түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, күндіз ауа райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: -2...-4°C, күндіз: 0...+2°C. Желдің екпіні - 9-14 м/с.
  • 13 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: -2...-4°C, күндіз: +1...+3°C. Желдің екпіні - 5-10 м/с.

Алматы

  • 9 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +20...+22°C. Желдің екпіні - 3-8 м/с.
  • 10 қараша: аспан бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +18...+20°C. Желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 15-20 м/с дейін жетеді.
  • 11 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды, негізінен жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз: +5...+7°C. Желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 13 метрге дейін жетеді.
  • 12 қараша: аспан бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде: 0...+2°C, күндіз: +3...+5°C. Желдің екпіні - 3-8 м/с.
  • 13 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: -1...-3°C, күндіз: +5...+7°C. Желдің екпіні - 3-8 м/с.

Шымкент

  • 9 қараша: аспан бұлтты, түнде ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +18...+20°C. Желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұстарда 15-20 метрге дейін жетеді.
  • 10 қараша: аспан бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +7...+9°C, күндіз: +13...+15°C. Желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұстарда 15-20 метрге дейін жетеді.
  • 11 қараша: аспан бұлтты, кей уақытта жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде және күндіз: +4...+6°C. Желдің екпіні - 8-13 м/с.
  • 12 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: -1...-3°C, күндіз: +5...+7°C. Желдің екпіні - 8-13 м/с.
  • 13 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +1...+3°C, күндіз: +7...+9°C. Желдің екпіні - 8-13 м/с.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК бүгін, 8 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескерткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!