Ақтөбе облысында жеңіл көлік жолдан шығып, аударылып қалған

13:31, 8 қараша 2026
MKZ: 1576564

© Фото: zakon.kz

Ырғыз ауданында, облыстық маңызы бар Ырғыз - Шалқар тас жолының 40-шақырымында жеңіл автокөлік жол шетіндегі орға аударылып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Құтқарушылар автокөлікті ордан шығарып алды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік салонында екі адам болған. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Төтеншеліктер жылдамдық режимін сақтау, жол және ауа райы жағдайын ескеру, көлік жүргізу кезінде мұқият болу қажеттігін ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!