Алматыда жалға берілген үй қарасора зертханасына айналған

13:53, 8 қараша 2026
MKZ: 1576567

© Сурет: pexels

Алматыда үй иелері уақытша баспанада тұрып, негізгі ғимаратты қарасора өсіруге бейімдеген. Заңсыз әрекетті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адам ұсталды.

"Үйді тінту кезінде полиция қызметкерлері құмыраларға егілген, марихуанаға тән иісі бар 93 түп өсімдік пен өзіне тән иісі бар зат салынған пакетті тәркіледі. Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел қызметкерлер есірткіні өткізу арналарының бар-жоғын анықтап жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ бұл плантацияны ұйымдастырған адамдар мен өсірілген өнімнің кімге арналғаны тексерілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!