Ақтауда толассыз жаңбыр жауып, көшелерді су басты
© Сурет: pixabay
Ақтау көшелерінде жаңбыр суын сору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтау қаласында 7 қарашадан бастап толассыз жауған жауын салдарынан қала аумағында көп мөлшерде су жиналып, осыған байланысты коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Су сору жұмыстарына 20-ға жуық арнайы техника мен 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.
"Жұмыстарға коммуналдық мемлекеттік мекемелердің, Төтенше жағдайлар департаментінің, сондай-ақ мердігер компанияның арнайы техникалары мен жол жұмысшылары тартылды. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.
Жаңбыр суын сору жұмыстары түнгі ауысымда да күшейтілген режимде үздіксіз жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:04, 8 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады
-
10:29, 8 қараша 2026
Трамп UFC басшысына Ақ үйдің баспасөз хатшысы лауазымын ұсынды
-
10:19, 8 қараша 2026
Рыбакина Соболенкоға күшті мүмкіндік беріп қойды - сарапшы пікірі
-
09:21, 8 қараша 2026
«Мыжылып, адам қысылып қалды». Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты
-
09:04, 8 қараша 2026
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі





