Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды

15:30, 11 қараша 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуезов ауданында суару-жуу кешендері, қоқыс таситын машиналар, жол тазалайтын машиналар және асфальтта люктерді кесуге арналған арнайы жабдықтар сынды қалаға қызмет көрсететін көпфункционалды техникалар құрастырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цехтың жұмысымен Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында танысты.

Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 15:30

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Коммуналдық машиналар мен жабдықтарды құрастыру цехы Eurasia Special Machines (ESM) қазан айында іске қосылған болатын. Бұл жоба "Евразия СТ" компаниясының 3 млрд теңге инвестициясының арқасында жүзеге асырылып, 50 жұмыс орны ашылды.

Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 15:30

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жылына 30 әмбебап Pony P4 машинасы, 50 су себу кешені, 30 қоқыс таситын машина және т.б. техника өндіру жоспарланып отыр. "Алматы Тазалық" компаниясы қазірдің өзінде тротуар тазалауға арналған әмбебап машиналар мен жолдарды қысқы өңдеуге арналған жабдықтар сатып алды.

Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 15:30

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаев қала көшелерін тазалауға арналған заманауи техниканың маңыздылығын атап, осы саладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!