Алматыда қаралы қауым Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды

11:21, 16 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда қаралы қауым Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоштасу рәсіміне министрлік пен әкімдік өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым, марқұмның туған-туыстары, дос-жарандары қатысты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының көңіл айту хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды.

Айта кетсек, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасына қараған шағында дүниеден озды (1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауылында дүниеге келген). Ол - қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, драматург, ғалым, қазақтың тұңғыш роман-эпопеясы - "Абай жолының" авторы Мұхтар Әуезовтің баласы.

1965 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын филолог-шығыстанушы мамандығы бойынша бітірді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елді өзгертуге белсене қатысты. Әуезов "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті (1989-1990) болды. Парламент депутаты болып, әдеби зерттеулермен айналысты, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш елшісі қызмет атқарды.

Мұрат Әуезов 2007 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы қорды басқарып келді; І дәрежелі "Барыс" орденінің иегері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!