Алматыда қанша шетелдік студент білім алып жүр
© Сурет: Алматы әкімдігі
Кейінгі бір жыл ішінде Алматыдағы шетелдік студенттердің саны 45%-дан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматының 35 жоғары оқу орнында 236,1 мың студент оқиды. Студенттердің басым бөлігі – еліміздің басқа өңірлерінен келгендер және шетелдік азаматтар. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.
Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстанда 82 елден келген 26 мың шетелдік студент білім алған. Бұл – елдегі студенттердің жалпы санының 4,4%-ы (606 мың адам). Шетелдік студенттердің басым бөлігі еліміздің ең ірі студенттік орталығы саналатын Алматыға тиесілі.
Шетелдік студенттердің басым көпшілігі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде оқиды – 4,5 мың адам. Екінші орында С. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті. Мұнда 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр, оның ішінде 1,2 мың адам (63,2%) – үнді этносының өкілдері.
Үздік үштік қатарында Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті бар. Аталған оқу орнында Түркіменстаннан келген 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1,8 мың шетелдік студент оқиды.
"Кейінгі бір жылдың ішінде шетелдік студенттер саны 45%-дан астамға өсті (17,1 мыңнан 22,6 мыңға дейін, яғни 5,5 мыңға артты). Біздің жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтердегі орнын нығайтып, халықаралық бағдарламаларды дамытып, жоғары сапалы заманауи білім беру ортасын қалыптастырып жатқаны біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келетін студенттердің қызығушылығын оятады", - деді Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы Әзиз Қажденбек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:44, 8 қаңтар 2026
Алматы зообағы пайдаланылған жаңажылдық тірі шыршаларды қабылдап жатыр
-
21:20, 8 қаңтар 2026
Алматыда базардың жабылуы мен көлік торабының құрылысына байланысты сегіз автобус бағыты өзгереді
-
21:20, 8 қаңтар 2026
Алматыда «Барлық» базарының жабылуына байланысты бірнеше автобустың қозғалыс тәртібі өзгереді
-
21:10, 8 қаңтар 2026
Көкшетауда пойыз әйел адамды қағып өлтірді
-
20:42, 8 қаңтар 2026
Жетісу облысының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді





