Алматыда ірі өрт сөндірілді: ғимараттың шатыры опырылып, төрт адам зардап шекті
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 21 қазанда Алматының Алатау ауданында өрт кезінде екі қабатты ғимараттың шатыры опырылып түсті. Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, "Әйгерім-1" ықшамауданындағы Пригородная көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың шатыры өртенген.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеті минут ішінде жеткен. Олар келген кезде ғимараттың шатырын түгелдей жалын шарпыған.
"Шатырдың ағаш қаңқасына металл жабын төселген. Ағаш құрылымдар арқылы от тез тараған. Жалынның көрші тұрғын үйлерге таралу қаупі болды", – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт 180 шаршы метр аумақта сөндірілді. Алайда өртті сөндіру кезінде ғимараттың шатыры опырылып түскен.
"Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында", – делінген министрлік хабарламасында.
Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Бұған дейін, 19 қазанда Талдықорғандағы наубайханада шыққан өртті сөндіруге 20-дан астам құтқарушы жұмылдырылған еді. Күйік шалған қызметкер ауруханаға жеткізілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:42, 21 қазан 2026
Ига Швёнтек маусымды мерзімінен бұрын аяқтайтынын мәлімдеді
-
12:34, 21 қазан 2026
Ақтауда құжат рәсімдеудегі қателік баланы балабақшасыз, анасын жұмыссыз қалдырды
-
12:21, 21 қазан 2026
ҰҚК шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімін заңсыз шығарған топтың жолын кесті
-
12:15, 21 қазан 2026
Антарктидада пингвиндер жылына миллиондаған тонна метан бөлуі мүмкін
-
12:05, 21 қазан 2026
Дәретханада қамалып қалған жолаушы үшін ұшақ шұғыл қонуға шақ қалды





