Алматыда демалыс күндері өткен жәрмеңкелерге бір миллионға жуық адам келді
© Фото: пресс-служба акимата Алматы
2025 жылы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация "Алматы" ("Алматы" ӘКК) қала аумағында демалыс күндері 430 жәрмеңке ұйымдастырды.
Жыл бойы мегаполистің алты ауданында орналасқан сауда алаңдарына бір миллионнан астам алматылық пен қала қонақтары келді.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Талғар және Жамбыл аудандарынан келген 315-тен астам фермер мен тауар өндіруші жәрмеңке сөрелерінде 1 000-нан астам атаудағы азық-түлік өнімдерін ұсынды.
Ассортиментке көкөністер мен жеміс-жидек, ет, тауық еті, балық, сүт және шұжық өнімдері, жұмыртқа, бакалея тауарлары, бал, өсімдік майлары және басқа да азық-түлік түрлері кірді.
Делдалдардың болмауы жәрмеңке қатысушыларына өткен жылы 25 мың тонна өнімді нарықтағы орташа бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта "Алматы" ӘКК қаладағы төрт ауданда демалыс күндері жәрмеңкелер ұйымдастырып келеді.
Олар әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді:
• Алмалы ауданы – Масанчи және Гоголь көшелерінің қиылысы;
• Бостандық ауданы – "Қазақфильм" шағынауданы;
• Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы;
• Медеу ауданы – Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы.
Жетісу ауданындағы жәрмеңкені Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ұйымдастырады. Ол Құлагер шағынауданындағы "Гүлдер" саябағы алдында, осы уақыт аралығында өткізіледі.
Биыл жәрмеңкелерді тұрақты түрде қаланың барлық ауданын, оның ішінде Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандарын қамту жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрғындар үшін қолжетімді бағамен және аумақтық тұрғыда тең дәрежеде ұсынылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:52, 16 сәуір 2026
Шымкент тұрғыны үйінің жертөлесінде марихуана өсірген
-
18:40, 16 сәуір 2026
Петропавлда зауыт жұмысшысы буға күйіп, ауыр жарақат алды
-
18:21, 16 сәуір 2026
Қазақстанның солтүстігінде ірі су қоймалары 100% толды
-
18:14, 16 сәуір 2026
Алматыда төрт кәсіпорын қызметкерлеріне 31,6 млн теңге қарыз
-
18:04, 16 сәуір 2026
ШҚО-да бопсалау фактісі бойынша күдікті ұсталды





