Алматыда бейнебақылау жүйесі арқылы 3 мың қылмыс ашылды

10:25, 29 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы шаһарда бейнебақылау жүйесінің көмегімен 3 мың қылмыс ашылып, жол қозғалысы ережелерін бұзуды қоса есептегенде 3 728 094 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Алматыда барлығы 176670 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.

"Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша оның 25278-і көпқабатты үйлерге орнатылды.

Қала жолдарында – 10816,

білім беру нысандарында – 38 540,

денсаулық сақтау нысандарында – 6057,

спорт нысандарында – 1940,

қоғамдық орындарда – 1746 қоғамдық орындарда,

әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде – 90 956, метрополитенде және қоғамдық көліктерде – 1337.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!