Жаңбырдан қарлы боранға дейін: сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

© Фото: zakon.kz
Синоптиктер ертең, 15 ақпанда Алматыда, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с.
Ұлытау облысының оңтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Алматыда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. 16 ақпанда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. 17 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 16-17 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 16 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, 17 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 15 ақпанда түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде, 16 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 16 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақытта екпіні 23 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ.
Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, таулы аудандарда қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:23, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
-
21:07, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
21:04, 26 наурыз 2025
Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» жарлыққа қол қойды
-
20:52, 26 наурыз 2025
Астанада Қадыр түніне орай шаттл маршруттары іске қосылады
-
20:19, 26 наурыз 2025
АЭС бойынша келіссөздер аяқталуға жақын: Қазақстан KHNP компаниясымен кездесу өткізді