Ақтөбеде мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
© Фото: zakon.kz
Шалқар ауданы Тоғыз орта мектебінің оқушысы суицид жасады. Қазіргі кезде полиция іс қозғап, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Kazinform-ның хабарлауынша, лқиға 17 қаңтар күні оқушының өз үйінде болды. Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Башановтың айтуынша, сол күні оқушы өзін жайсыз сезініп, сабаққа бармаған. Ал кешкілік мал жайлап, анасы сиыр сауып, ішке кіріп кетеді. Кешкі ас әзірлеп, күткенімен бала келмей, анасы артынан барады. Сол кезде суицид жасағанын көреді.
"10-сынып оқушысы толық отбасында тәрбиеленді. Әкесі теміржолда жұмыс істейді, анасы мектепте мұғалім. Хат анықталмады. Оқушы белсенді болған, спортпен шұғылданған. Оны ата-аналары да, ауыл тұрғындары да айтып тұр. Бұл ешқандай да буллинг емес". Аянберген Башанов
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, кәмелет жасқа толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Полиция да буллинг анықталмағанын айтып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 1 мамыр 2026
Қазақстан бойынша 2 мамырға дауылды ескерту жарияланды
-
17:36, 1 мамыр 2026
БҰҰ: Ормуз ашылмаса, инфляция шарықтайды
-
17:13, 1 мамыр 2026
Маңғыстау полициясында 50-ден астам ұлт өкілдері қызмет етеді
-
16:56, 1 мамыр 2026
Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды
-
16:40, 1 мамыр 2026
Алматы ауа райы құбылмалы: жаңбыр, жел және кенет жылыну күтіледі





