ШҚО-да ер адам өз өмірін қатерге тігіп, кейуана мен төрт баланы құтқарып алды

18:51, 14 ақпан 2025

© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының басшысы тұрғын үйдегі өрт кезінде адамдарды аман алып қалғаны үшін "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2025 жылғы 7 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында болған: жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көршісі Талғат Мүсірәт өз өмірін қатерге тігіп, терезе арқылы қатты түтіндеген үйге кіріп, қарт әйел мен төрт баланы құтқарып, қауіпті аймақтан шығуға көмектескен.

Өрт сөндірушілер сол жерге жетіп, 30 шаршы метр аумақтағы жалынды сөндірді. Жалын электр жабдықтарын монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаннан шыққан.

"Мен адамдарға қауіп төніп тұрғанын көргенде шетте қарап тұра алмадым. Түйсігіммен әрекет еттім, тағы да осындай жағдайға тап болсам, солай істеуші едім", - деді Талғат Мұсірәт

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар министрінің атынан шаруа қожалығының басшысы Талғат Мұсірәтке тұрғын үйдегі өрт кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, адам өмірлерін сақтап қалғаны үшін "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалін табыстады.

"Талғат Мүсірәт батылдықты ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті талап ететін нағыз ерлікті көрсетті. Оның бұл әрекеті шабыттандырып, барлығына үлгі болады. Мұндай адамдар өз заманының нағыз батырлары және біз олардың ерліктерін мақтан тұтамыз", - деді вице-министр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!