Шымкентте ата-анасы бар оқушы қыздар белгісіз мекеменің қамқорлығында болған

© Сурет: видео скрині/otyrar
40-қа жуық оқушы қыз ата-ана қарауынсыз белгісіз жекеменшік мекемеде жатып тәлім алып келген. Шымкенттегі мұндай жағдайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура әшкереледі. Кооператив қоры әке-шешесі бар 28 отбасының қызын өз қамқорлығына алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқушылардың алды мекемеде 3 жыл, ал кейін келгені 3 ай тұрған.
Мамандардың айтуынша, қор балалар мен жасөсіпірмдерге тәлім-тәрбие беру құқына ие емес. Қазір арнайы комиссия құрылып, қайырымдылық қордың нақты немен айналысқаны тексеріліп жатыр.
"Мекеме басшылығы бұл мәселені білген. Анықталғаннан кейін бірінші басшысы, директордан бастап қатаң жауапкершілікпен қарадық. Одан кейін мәліметтерді жасыру фактісі бойынша тәрбие, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекші - бәрінің жауапкершілігі қаралды".Шымкент білім басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Абылаев
Заңсыздық анықталған соң қайырымдылық қорын паналаған 33 қыз Шымкенттегі уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығына ауыстырылды. Оқушылардың барлығы дерлік №24 мектепте білім алып келген.
Мектеп басшылығы мен ұстаздар оқушылардың өз үйінде тәрбие алмайтынын білген, алайда ешкім тиісті орындарға хабарламапты. Енді балаларды қамқорсыз қалдырған ата-аналар мен ұстаздардың жауапкершілігі қаралады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 24 наурыз 2025
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды
-
17:37, 24 наурыз 2025
Түркиядағы халық толқуы: Ыстамбұлға кіріп-шығуға тыйым салынды
-
17:19, 24 наурыз 2025
«Қар бұрқасындатады». Сейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:47, 24 наурыз 2025
Көкшетауда полицейлер өртенген пәтерде ес-түссіз жатқан ер адам мен жас баланы құтқарды
-
16:47, 24 наурыз 2025
Көкшетауда полицейлер өртенген пәтерде ес-түссіз жатқа ер адам мен жас баланы құтқарды