Атырауда алаяқтық бабымен сотталған экс-полицейге ірі көлемде айыппұл салынды
© Сурет: Zakon.kz
Атырау қаласының №2 сотында қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтыққа барды деген айыппен бұрынғы полицейге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта сотталушының Атырау қаласы полиция бөлімінің лауазымды тұлғасы бола тұра, басқа лауазымды тұлғаның өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтату үшін күдіктінің ағасынан 300 мың теңге алғаны анықталды.
Сотталушының кінәсі әңгімелесу жазбаларымен, жәбірленуші және куәлардың жауаптарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сот-фонографиялық және психологиялық-филологиялық сараптамалар қорытындыларымен дәлелденді.
Прокурор сотталушыға өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, "полиция лейтенанты" шенінен айыруды сұрады. Сотталушы және оның адвокаттары айыппен келіспей, ақтауды сұрады.
Сотта сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуы – жаза мен жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде, қабылдаған антын бұзуы – ауырлататын мән-жай ретінде танылды.
"Сотталушыға өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, жымқырылған мүліктің 20 еселенген мөлшерінде, яғни 6 млн теңге айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды. Ол "полиция лейтенанты" шенінен айырылды. Жәбірленушінің жымқырылған мүліктің құнын өндіру туралы азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды". Атырау қаласының №2 соты
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін "Қазақстанда заң қатайғанымен, пара беру мен алу неге тыйылмай тұр" деген сауалға Антикор басшысының берген жауабын жариялаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





