Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған 20 тоқтау-бұрылу алаңы салынады
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Қалада 20 тоқтау-бұрылу алаңын (ТБА) салу жоспарланып отыр.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 16 қаңтарында Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған алаңдар бірқатар маңызды міндетті атқарады. Атап айтқанда, автобустардың жол жиегінде мәжбүрлі түрде тоқтап тұруының алдын алады әрі жүргізушілердің толыққанды демалуына қажетті жағдай жасайды.
Бұл өз кезегінде, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Қазір Көктөбе шағынауданында екі маршрутқа қызмет көрсететін, жалпы саны 47 автобус шығатын соңғы нүкте ретінде пайдаланылатын тоқтау-бұрылу алаңының құрылысы толық аяқталды.
Алаң аумағына асфальтбетон жабыны төселіп, аумақ бойына сыртқы жарықтандыру орнатылған. Сонымен қатар жалпы аумағы 49 шаршы метр болатын тамақтану аймағы мен санитарлық-гигиеналық бөлмесі бар жүргізушілерге арналған модульдік демалыс ғимараты бой көтереді.
Қаланың әртүрлі аудандарында биыл пайдалануға берілетін тағы үш тоқтау-бұрылу алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал қалған 16 алаң бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қолға алынған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 16 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша заңға қол қойды
-
11:01, 16 қаңтар 2026
Президент «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға қол қойды
-
11:01, 16 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға қол қойды
-
11:01, 16 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға қол қойды
-
11:00, 16 қаңтар 2026
Қазақстанда сот сарапшыларының аттестаттау рәсімі өзгереді





