«Асқақ рухты Әулиеата». Таразда поэзия кеші өтті
© Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Таразда "Асқақ рухты Әулиеата" атты поэзия кеші өтті. Шара барысында республикалық әдеби байқаудың жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерекше форматта ұйымдастырылған игі шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, белгілі өнерпаздар, әдебиет пен мәдениет әлемінің майталмандары, сондай-ақ жас таланттар, жырсүйер қауым қатысты.
Кеш барысында ұлттық өнер мен шығыс шайырларының шығармашылық мұрасы үндесті. Жыр мен әннің үйлесімі арқылы көпшілік рухани ләззат алды.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өткеннің өнегесі, бүгінгі күннің сырлы бояулары әдеби шығармаларда жатқаны сөзсіз. Осы тұрғыда әдебиет пен мәдениетті қолдау – мемлекетіміздің негізгі бағыттарының бірі. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілген біздің өңірде де бұл бағытта ауқымды жобалар, маңызды іс-шаралар қолға алынуда. Жамбыл облысында 2025 жылды «кітап оқу жылы» деп белгіледік. Жыл бойы балалар мен жастарды кітап оқуға баулу мақсатында әртүрлі жобаларды ұйымдастырамыз, – деген облыс әкімі "Асқақ рухты Әулиеата" атты республикалық әдеби-мәдени байқауының жүлдегерлерін марапаттады.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атап айтқанда, "Поэзия" номинациясы бойынша К. Әзірбаев пен Ж. Жабаев атындағы жүлде қос ақын Нұржан Қуантай мен Ерлан Жүніске берілді.
Жазушы Болатбек Төлепберген "Проза" номинациясы бойынша Б. Момышұлы атындағы, жазушы, драматург Нұрғали Ораз "Проза" және "Көркем аударма" номинациясы бойынша Ш. Мұртаза атындағы, журналист, сатирик Бақытжан Әлімқұлов "Сатира жанры" номинациясы бойынша Ш. Смаханұлы атындағы, жазушы Ырысбек Дәбей "Проза" номинациясы бойынша Н. Дәутайұлы атындағы, ақын, драматург Иранбек Оразбаев "Драматургия" номинациясы бойынша А. Бекбосын атындағы жүлдеге ие болды.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сонымен бірге "Жыр-терме" номинациясы бойынша Ә. Желдібаев пен А. Бетбаев атындағы жүлдені ақын, сазгер Жанатбек Тұрғымбай мен ақын Бауыржан Жақып еншіледі.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарға диплом мен қаржылай сертификат (1 млн теңге) берілді.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 20 желтоқсан 2024
«Қар жауып, күн аяздап, көктайғақ болады». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:37, 20 желтоқсан 2024
Қазақстан азаматы «Сеул қаласының құрметті тұрғыны» атағына ие болды
-
22:21, 20 желтоқсан 2024
Ұлыбританияда бортсерік қыз ұшақтан құлап кетті
-
21:58, 20 желтоқсан 2024
«Малға шөп салуға шыққанмын». Атырау облысында қасқыр ер адамға тұтқиылдан тап берген
-
21:53, 20 желтоқсан 2024
Семейде пәтер кезегіне іліне алмай жүрген жетім жігітке Жоғары сот жақтасты