Алматыда аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт болды
© Фото: pixabay
Алматыда 21 қыркүйекке қараған түні Мәсғұт Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпарат Instagram желісінде пайда болды.
"Нақты не жанып жатқаны және қандай да бір қауіптің бар-жоғы әзірге белгісіз", – делінген жарияланымда.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі мәлімдегендей, 20 қыркүйек сағат 23:45-те өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданындағы Жахангер көшесі, 14 мекенжайына жіберілген.
"Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жеткен құтқарушылар екі қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатында шамамен 20 шаршы метр аумақта тұрмыстық техника мен заттардың жанып жатқанын анықтады. Сағат 00:38-де өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД-дан 20 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өртке қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.
Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының сайтында көрсетілгендей, бұл – Қазақстандағы эпидемиологиялық қадағалау, карантиндік және зооноздық инфекциялардың алдын алу және олармен күрес саласындағы жетекші мемлекеттік мекеме. Орталық елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.
Айта кетейік, бөгде адамдардың Аса қауіпті инфекциялар орталығына кіруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені нысан жабық аумақта орналасқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 21 қыркүйек 2026
Астанада бір отбасының мүшелері қыздарды жезөкшелікке тартып, клиенттерінен ақша бопсалаған
-
16:32, 21 қыркүйек 2026
Қазақстанда қоғамдық орындарға зиян келтіретін граффитиге толық тыйым салынуы мүмкін
-
16:26, 21 қыркүйек 2026
Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында рекордтық нәтижемен жеңіске жетті
-
16:19, 21 қыркүйек 2026
Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов қызметтерінен босатылды
-
16:14, 21 қыркүйек 2026
«Бұл мәселені ешкім шеше алмады»: Үкімет Тоқаевтың жолдарға қатысты тапсырмасына үн қатты





