Қызыл теңізге батқан туристер толы кемеде қай елдердің азаматтары болғаны белгілі болды
© Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Мысырдың Марса-эль-Алам қаласы маңында Қызыл теңізге батып кеткен туристік яхта бортында 13 елдің азаматтары болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА агентігінің хабарлауынша, Қызыл теңізге батқан Sea Story кемесіндегі 28 адам құтқарылған, ал 17-сі хабар-ошарсыз кеткен.
Қызыл теңіз провинция губернаторы генерал-майор Амир Ханафи тірі қалғандар қаланың оңтүстігінде, Вади-Эль-Гемал аймағында табылғанын жеткізді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
"Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, туристік кеме бортында 13 елдің азаматтары болған, атап айтқанда, Мысыр, Германия, Испания, Бельгия, Қытай, АҚШ, Словакия, Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Ирландия және Финляндия азаматтары" деп жазады РИА Новости.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:21, 26 қараша 2024
Грузияда әйелдер чемодандарын сүйреп шеруге шықты
-
10:14, 26 қараша 2024
Боливияда исшіл иттердің арқасында бадам бейнесіндегі бір тонна кокаин табылды
-
18:46, 25 қараша 2024
Мысырда туристер толы яхта теңізге батып кетті
-
13:19, 25 қараша 2024
Қытайлық шаруа жолбарыстың шабуылынан жан сауғалап қалған
-
09:47, 25 қараша 2024
Калифорнияда листериоздың өршуінен егіздерге жүкті болған әйел түсік тастады