ҚТЖ 2027 жылға дейін тоғыз терминал салады

17:24, 26 қараша 2024

© Сурет: rail-news.kz

"Қазақстан теміржолы" 2027 жылға дейін тоғыз терминал салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Елдің транзиттік әлеуетін дамыту үшін ҚТЖ терминалдық желіні жедел дамытып жатыр. Бұл жүктердің көлемін ұлғайтуға және тасымалдау бағасының тұрақтылығына кепілдік береді. Қазір компания контейнерлік пойыздар жалпы көлемінің 40% жүгі қалыптасатын Қытайдың Сиань қаласындағы ең ірі құрғақ портын қосқанда 5 терминалды пайдаланады", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

2025 жылы тағы 5 терминалдың құрылысы аяқталады, ал 2026 жылы 4 терминал салынады.

"Транзиттік инфрақұрылымды алдын ала дамыту бойынша қабылданған шешімдер арқасында жүк ағыны жыл сайын артып келеді. Контейнерлік транзиттік тасымалдар 3 жыл ішінде 30% өсті – 2021 жылғы 1 млн - нан 2024 жылғы бағалау бойынша 1,3 млн. ЖФЭ-ге дейін. Орта дәліз (ТМТМ) бойынша тасымалдау 25 есе өсті"."Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!