Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі
© Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстарына байланысты Қилыбай Медеубеков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы ақпаратпен 2024 жылы 1 қарашада Алматы қаласы әкімдігі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2-25 қараша аралығында Қилыбай Медеубеков көшесі мен ұзартылып жатқан Абай даңғылының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
"Бұл аумақты оңтүстік бағытта Ұ.Қараманов, Грушовая, Строительная көшелері арқылы, ал солтүстік бағытта Строительная, Виноградная, Ұ.Қараманов көшелері арқылы айналып өтуге болады. Аталған учаскеде ескерту белгілері қойылады". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазір 600 метрлік соңғы учаскеде жұмыс қолға алынған, ұзартылған жолдың ұзындығы - 5,3 км.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 23 желтоқсан 2024
Қолайсыз ауа райына байланысты БҚО-дағы жолдардың бір бөлігі жабылды
-
22:16, 23 желтоқсан 2024
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
-
21:46, 23 желтоқсан 2024
Ешбір туған-туысы жоқ марқұмдарды жерлеу рәсімінде былық көп - БАҚ
-
21:29, 23 желтоқсан 2024
Семейдегі шырша: Дәрігерлер жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан мұғалімнің жағдайы туралы айтты
-
20:50, 23 желтоқсан 2024
«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды