Алматы зообағында «Қызыл кітапқа» енген қонжықтар дүниеге келді
© Сурет: Алматы зообағы
Алматы хайуанаттар бағында тағы бір қуанышты жаңалық тіркелді. "Қызыл кітапқа" енген Тянь-Шань қоңыр аюларының жұбынан екі қонжық дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл қаңтар айы зообақ үшін ерекше өнімді кезең болды. Бұған дейін мұнда амур жолбарыстарының, сондай-ақ сұр және қызыл кенгурулардың төлдері туған еді.
"Жыртқыш сүтқоректілер" бөлімінің басшысы Гауһар Сіргебаеваның айтуынша, қонжықтар Құрманбек пен Герданың жұбында 1 қаңтарда дүниеге келген. Бұл – Герданың төртінші төлі.
"Қонжықтар өте әлсіз болып туады: көзі көрмейді, құлағы естімейді, денесі түксіз болады. Алғашқы 3-4 айда олар жылы үйшікте жатып, енесін еміп қоректенеді. Осы уақыт бойы зообақ мамандарының бақылауында болды. Қазір екі қонжық та өсіп қалды. Герда тәжірибелі ана, төлдеріне өте жақсы күтім жасайды. Бүгінде қонжықтар анасына еріп, үлкен вольерге шыға бастады", — деді ол.
Дәстүрге сай, Алматы хайуанаттар бағы қала тұрғындарын жаңа туған қонжықтарға ат қоюға қатысуға шақырады. Қонжықтардың бірі – еркек, екіншісі – ұрғашы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:06, 14 сәуір 2026
Петропавлда жаяу жүргіншілер көшесінде дрифт жасаған тұрғын жауапқа тартылды
-
21:48, 14 сәуір 2026
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
-
21:20, 14 сәуір 2026
Гауһар Өмірзақова пара пауэрлифтингтен Азия-Океания чемпионатының күміс жүлде иеленді
-
21:10, 14 сәуір 2026
Қарағандыда зейнеткерлерді ақшасыз қалдырған күдікті қолға түсті
-
20:51, 14 сәуір 2026
Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Испаниядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті





