Шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топ ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Шымкентте полицейлер шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келгендерге тосқауыл қойды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында түрлі мекеменің қызметкерлері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегіне сүйенсек, погондылар іс-шарасында 28 жерде тінту шарасын жүргізген. Нәтижесінде ондаған шетел азаматының төлқұжаты, ұйымдастыру техникалары, байланыс құралдары, түрлі бланктар мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сондай-ақ ірі көлемдегі ақша мен тіркелмеген қару да анықталған.
Қылмыстық топты ұйымдастырушы делінген бір азамат қамауға алынды. Заңсыз көші-қонға қатысы бар тағы 13 адам полицияға жеткізілді. Ақшалай сыйақы үшін шетелдіктерді оңды-солды кіргізгендерге қатысты тергеп-тексеру басталды.
Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 13 сәуір 2026
Сәтбаевта көлік жүргізушілері арасындағы төбелес видеоға түсіп, қылмыстық іске ұласты
-
22:15, 13 сәуір 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
-
21:53, 13 сәуір 2026
14 сәуір, сейсенбіде Қазақстан бойынша найзағай ойнап, қалың тұман түседі
-
21:35, 13 сәуір 2026
Ресей спортшыларына халықаралық су спортындағы шектеулер алынды
-
21:13, 13 сәуір 2026
Блокада және қоқан-лоққы: Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады





