Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Исабаевтың есебін тыңдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 14 сәуірде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды.
"Бейбіт Исабаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі мақсатты индикаторға қол жеткізілгенін айтты. Өңірге 610 миллиард теңге инвестиция тартылған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға артық". Ақорда
Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарын таныстырды.
"Ауыл шаруашылығы дақылдары, соның ішінде қант қызылшасы алқабы кеңейді. Ақсу және Көксу қант зауыттарының өндірістік қуатын 2 есеге арттырып, 950 мың тоннаға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2027 жылға дейін құны 94,4 миллиард теңге болатын 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, құс фабрикалары, мал бордақылау алаңдары, балық және жылыжай шаруашылықтары мен басқа да жобалар бар. Өнеркәсіп саласында соңғы үш жылда 29 жаңа нысан іске қосылып, 7 кәсіпорын кеңейтілді, соның нәтижесінде 1841 жұмыс орны ашылды",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту жайында мәлімет берді.
Өңірді газдандыру деңгейі 67,2 пайызға жетті. "Талдықорған – Үшарал" магистральді газ құбыры тартылып, 650 мыңнан астам тұрғыны бар 210 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді.
Облыстың туризм саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар жалғасуда.
"Алакөл, Балқаш жағалауларында туристік нысандарға баратын жолдар салынып, ауыз су, электр желісі, кәріз жүйелері тартылды. Жағалауларды бекіту шаралары қолға алынды. Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 шақырымдық жол жаңартылып жатыр. "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында өңірде үш экопарк салып, 121 мың ағаш егу көзделген". Ақорда
Өз кезегінде, мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасымен шекаралас "Достық" бекетіндегі және "Қорғас" арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ Алакөл, Балқаш көлдері жағалауындағы демалыс орындарын, тау туризмін қарқынды түрде дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:54, 14 сәуір 2026
Қаржы министрлігі: бизнес миграциясы байқалмайды
-
16:43, 14 сәуір 2026
Қазақстанда шай бағасы өсуде: қанша тұрады және қайдан әкелінеді
-
16:30, 14 сәуір 2026
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
-
16:28, 14 сәуір 2026
«Несиеңіздің мәртебесі жаңартылды»: Ұлттық банк азаматтарға үндеу жасады
-
16:15, 14 сәуір 2026
Алматыда инновациялық орталық салу үшін бір гектардан астам жер мемлекет мұқтажы үшін алынады





