Сәтбаевта көлік жүргізушілері арасындағы төбелес видеоға түсіп, қылмыстық іске ұласты
© Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде үш көлік жүргізушісінің бір ер адаммен жанжалдасып жатқан видеосы тарады. Жазбада оқиға Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында болғаны айтылған. Жағдайға қатысты Ұлытау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеодан бір ер адамның жерде жатқанын, ал екінші адамның оны ұрып жатқанын көруге болады. Қасында тағы екі адам жанжалға қатысушылардың жанында тұрған.
"Әлеуметтік желілерде тараған аталған бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде оқиға 12 сәуір күні кешкі уақытта Сәтбаев қаласында екі автокөлік жүргізушісі арасында болғаны анықталды. Полиция қызметкерлері барлық қатысушыларды, соның ішінде жәбірленушіні де анықтап, бөлімшеге жеткізді. Бұған дейін бұл факті бойынша полицияға ешқандай арыз түспеген", – деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр.
Тергеу нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық адамдардың әрекеттеріне заң аясында құқықтық баға беріледі.
"Құрметті азаматтар! Егер сіздер заңсыз әрекеттердің, зорлық-зомбылық жағдайларының куәгері болсаңыздар, құқық қорғау органдарының жедел әрекет етуі үшін бірден "102" нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз",- деп ескертті полицейлер.
Бұған дейін Павлодарда топырақ опырылып, екі адам қаза тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 13 сәуір 2026
Шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топ ұсталды
-
22:15, 13 сәуір 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
-
21:53, 13 сәуір 2026
14 сәуір, сейсенбіде Қазақстан бойынша найзағай ойнап, қалың тұман түседі
-
21:35, 13 сәуір 2026
Ресей спортшыларына халықаралық су спортындағы шектеулер алынды
-
21:13, 13 сәуір 2026
Блокада және қоқан-лоққы: Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады





