Қазақстанда телерадио хабар таратуы 15 сәуірде уақытша тоқтатылады
© Фото: unsplash
Қазақстанның ұлттық телерадио хабар тарату операторы тұрғындарға маңызды ескерту жасады. "Қазтелерадио" АҚ ұлттық телерадио желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Осыған байланысты 2026 жылғы 15 сәуір, сәрсенбі күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін келесі бағыттар бойынша жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі:
- спутниктік телерадио хабар тарату;
- эфирлік цифрлық және аналогтық теледидар мен радио;
- деректерді беру желілері.
Жұмыс барысында жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде DVB-S2 цифрлық тарату жүйелері, спутниктік байланыс станциялары және OTAU TV пакеті жабдықтары бар.
"Осы уақыт аралығында телерадиоарналардың трансляциясында уақытша үзілістер болуы мүмкін. Экранда техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы хабарлама көрсетіледі", – деп мәлімдеді "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар ел бойынша тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.
Айта кетейік, бұған дейін мамандар Қазақстанда теледидардың не себепті уақытша өшірілетінін түсіндірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 14 сәуір 2026
5,2 млрд залал: «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президентіне қатысты істің мән-жайы белгілі болды
-
15:09, 14 сәуір 2026
Алматы полициясы хостелдерге ауқымды тексеру жүргізуде: мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
-
14:53, 14 сәуір 2026
Ақордада Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланды
-
14:53, 14 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
-
14:41, 14 сәуір 2026
Қазақстандық тағы жеті блогердің есептері тексерілуде – Қаржы министрлігі





