Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің финалына шыға алмады

18:34, 8 қаңтар 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жарыста ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич Испания өкілі Кристина Букша мен аустралиялық Эллен Перес жұбымен өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде қарсылас жұп басым түсіп, кездесу 6:3, 4:6, 10:7 есебімен аяқтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!