Қыстың беті қайтты ма? Синоптиктер 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды

19:00, 8 қаңтар 2026

© Сурет: unsplash

Қазақстанның кей өңірлерінің тұрғындары қарды күте-күте шаршап, "Қыстың беті қайтты ма?" дейтін сауал қоя бастады. Синоптиктердің болжамына қарағанда, расымен де осындай үрдіс байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал Қазақстанның солтүстігінде аздаған қар жауып, аздап боран соғады", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, екпіні күшті жел соғуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!