Алматы тұрғындарына референдум-2026 бойынша маңызды ақпарат жарияланды

10:06, 24 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Бүгін, 2026 жылғы 24 ақпанда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі оңтүстік астана тұрғындары үшін референдумға қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада учаскеңізді қалай білуге болатыны түсіндірілген.

"15 наурыз күні Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдум өтеді. Алматы қаласында 654 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қалада тұрғындарды дауыс беру мәселелері бойынша ақпараттандыру үшін бірыңғай call-орталық жұмыс істейді", – делінген сейсенбі күні әкімдіктің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Алматы тұрғындары 1308 нөмірі арқылы:

  • өздерін дауыс берушілер тізімінен тексере алады;
  • учаскенің нөмірі мен мекенжайын біле алады;
  • дауыс беру рәсімі бойынша кеңес ала алады.
  • Call-орталық күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ учаске туралы ақпарат:

  • open-almaty.kz сайтында;
  • @almaty_referendum2026_bot Telegram-боты арқылы қолжетімді.
  • Учаскені іздеу үшін ЖСН енгізу қажет.

Еске салайық, 2026 жылғы 23 ақпанда Алматы қаласы әкімдігі аппаратының басшысы Ерлан Исабеков мегаполисте дауыс беру қалай өтетіні және қанша адамның дауыс беру құқығы бар екені туралы айтып берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!