Алматы тұрғындарына аптап ыстыққа байланысты ескерту жасалды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда 2026 жылғы 27 маусым, сенбі күні аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 26 маусымда қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарға қатысты "Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сүйене отырып, қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"27 маусым күні Алматыда күндіз ауа температурасы +35...+36°C-қа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады", – делінген хабарламада.
Осыған байланысты ТЖД тұрғындарға мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
- тауда демалу кезінде от жақпау, сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын тастамау;
- электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеу, кондиционер, желдеткіш және басқа да қуатты электр құрылғыларын бір мезгілде қоспау, өйткені бұл қысқа тұйықталу мен өртке әкелуі мүмкін;
- балаларды су айдындарының маңында және тұраққа қойылған көліктің ішінде, тіпті қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмау;
- мүмкіндігінше күннің ең ыстық уақытында ашық күн астында ұзақ жүрмеу, бас киім кию, көбірек су ішу және ауыр дене еңбегінен бас тарту.
Сонымен қатар Бостандық және Медеу аудандарының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:47, 26 маусым 2026
Қазақстандық гимнаст қыздар Қытайдағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
-
18:32, 26 маусым 2026
Алматының бас жоспары бойынша экологиялық тыңдаулар өтеді
-
18:22, 26 маусым 2026
Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды
-
18:15, 26 маусым 2026
Қазақстандағы этномәдени бірлестіктерге Конституцияның арнайы басылымдары берілді
-
18:02, 26 маусым 2026
Тоқаев ақмолалық танымал спортшыларымен әңгімелесті





