Алматы тауларында он үлкен қар көшкін болды

10:28, 18 сәуір 2024

© Сурет: pixabay

Алматы тауларында 17 сәуір қарсаңында 10 қар көшкіні орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазселденқорғау" мекемесі мәлімдеді.

"2024 жылғы 17 сәуірде Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінің қар көшкін жинағыштарында жалпы көлемі 55320 текше метр болатын 10 көшкін өздігінен түсті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Қазселденқорғау" ММ қар көшкін қаупінің жоғары дәрежесіне байланысты таяу күндері тауларға бармауды ұсынады.

Еске сала кетейік, 17 сәуірде Алматыда лай көшкіні жүріп, жолды бүлдірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!