Алматы полициясы жол ережесін бұзған электросамокат жүргізушілеріне шара қолданып жатыр

14:22, 15 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Полицейлер кикшеринг компанияларының бірінің қызметкерлерімен бірге Алматының негізгі тас жолдарын аралап, жол ережесін бұзған пайдаланушыларға шара қолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ереже бұзған самокат жүргізушілерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оларға қауіпсіз және этикалық көлік жүргізудің негізгі ережелері жазылған жадынамалар таратылды.

Самокат 2023 жылдың қыркүйегінде "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгертулер енгізгеннен бастап ресми түрде Алматының көлік жүйесіне енді. ІІМ-нің мәліметінше, 2023 жылғы қыркүйектен бастап самокаттардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны бірнеше есеге азайған. Сондай-ақ Алматыда самокатпен серуендеушілердің саны артып келеді.

"Алматы қаласы полиция департаменті электросамокат жүргізушілері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдайды. Алматылықтар көлік мәселесін шешу үшін самокаттарды жиі пайдалана бастағанын байқадық. Осындай жағдайда бәріміз құқық бұзушылықтың алдын алып, жазатайым оқиғаларды азайтуға күш салуымыз керек. Кикшеринг операторларының бірі жауап бергеніне қуаныштымыз және біз барлық кикшеринг операторларын осы бастамаға қосылуға шақырамыз". Алматы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!