Алматы полициясы кальян барларға жасалған ауқымды рейдтің қалай өткенін көрсетті

10:21, 12 қараша 2024

© Сурет: рixabay

Алматыдағы дәмханалар мен мейрамханаларда кальян шегуді анықтау бойынша іс-шара жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала полициясының 12 қараша күнгі ақпаратына сүйенсек, бір түннің ішінде 100-ден астам кальян шегушіге айыппұл салынды.

"Темекі өнімдерін пайдаланудағы заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жергілікті рейдтер жүргізілді. Тексеру барысында темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзуға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 441-бабы бойынша 114 хаттама толтырылды. Бұл құқық бұзушылық жеке тұлғаларға 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл салуды қарастырады", — деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Айтан Елеусізов.

Мекемелерден барлығы 162 кальян тәркіленді.

Бұған дейін Алматы полициясының автотұрақтарды тексергені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!