Түркияда туристер мінген автобус аударылды

10:48, 23 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Түркияның орталық бөлігіндегі Невшехир қаласының маңында автобус аударылды. 18 адам зардап шекті, оның ішінде 15-і турист, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sabah газетінің хабарлауынша, автобус Невшехирден саяхатшылардың сүйікті мекені Каппадокия аймағы, Аланьяға (Анталья провинциясы) бара жатқан.

Алдын ала ақпарат бойынша, апат жүргізушінің рульге ие бола алмауынан болған. Оқиға орнына дәрігерлер мен полиция жедел келіп, тиісті көмек көрсеткен.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Бұған дейін Ирандағы шахталардың бірінде жарылыс болып, 50 адам қаза тапқаны хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!