Алматы облысының тұрғыны ауылдасының 12 млн теңге тұратын жылқыларын ұралған

17:00, 11 қараша 2024

© Фото: primeminister.kz

Алматы облысында полиция жайылымнан 14 жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 7 қараша күні 39 жастағы жергілікті тұрғын 14 жылқының жоғалып кеткенін мәлімдеген кезде белгілі болды.

"Келтірілген шығын 12 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды", – деп атап өтті Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері "ізін суытпай" күдіктінің жеке басын анықтды, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.

"Күдікті ұрланған жылқылардың бір бөлігін сатып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге жылқылардың қалғаны қайтарылды, ал ұрланған малды сатып алушыға қатысты тексеру жүргізілуде", – деп толықтырды ресми өкіл.

Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау шарасын белгіледі. Полиция ер адамның осыған ұқсас басқа қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруде.

Тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін полиция қызметкерлерінің ұрланған 3,5 мың мал басын иелеріне қайтарғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!