Алматы облысының оқушылары үшін жаңа пән енгізіледі
© Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Жаңа оқу жылында мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет бойынша қосымша сабақтар өткізіле бастайды. Жоба Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, алғашқы кезеңде сабақтар Талғар ауданындағы 10 мектеп пен 3 колледжде өткізіледі. Жобаның мақсаты – құқықтық сананы қалыптастыру, құқықтық мәдениетті нығайту, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, буллингтің және заңға қайшы мінез-құлықтың барлық түрлерінің алдын алу.
Сабақтарды арнайы дайындықтан өткен, прокуратура және полицияда қызмет еткен тәлімгерлер жүргізеді. Тәлімгерлерді оқыту 7–8 тамыз күндері басталады.
"Біз құқықтық сананың негізін мектеп қабырғасынан бастап қалаймыз. Тәлімгерлер балаларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп қана қоймай, заңды құрметтеуге, жауапкершілікті сезінуге және сындарлы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл – болашақта орнықты құқықтық мәдениетті қалыптастырудың кілті", – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Пилоттық мектептер мен колледждерде оқу жылында 7–10 сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін барлығы 36 сабақ өткізу жоспарланған. Сабақтар екі аптада бір рет өтіп тұрады, алдын ала және қорытынды диагностика және оқушылардың мінез-құлқына тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Әдістемелік материалдарды ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі ұлттық ғылыми-практикалық институты Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп әзірлеген. Алдағы уақытта жоба еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасын табады деп жоспарлануда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды





