Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана әшкереленді
© Сурет: polisia.kz
Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің үйлестіруімен, сондай-ақ Қарасай аудандық полиция басқармасы мен прокуратура органдарының қолдауымен синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті анықталып, ұсталды. Негізгі күдікті қазіргі уақытта қамауға алынды.
Тінту барысында мефедрон синтетикалық есірткісі, оны дайындауға арналған жабдықтар мен шыны ыдыстар, прекурсорлар және түрлі химиялық заттар табылып, тәркіленді.
"Жедел ақпарат негізінде полиция қызметкерлері көзге түсе бермейтін саяжай үйінде орналасқан жасырын зертхананы анықтады. Бұл зертхананың ерекшелігі – оның шағын әрі жасырын түрде жұмыс істеуі. Заңсыз өндіріс тұрғын үйдің бір бөлмесінде ұйымдастырылған. Полиция қызметкерлерінің уақтылы және үйлесімді әрекеттерінің арқасында қылмыстық әрекет бастапқы кезеңінде-ақ тоқтатылды. Күдіктілер ірі көлемдегі есірткі партиясын дайындап, оны заңсыз айналымға жіберіп үлгермеді", – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Осылайша, құқық қорғау органдары қауіпті психоактивті заттардың таралуына жол бермей, көптеген азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалды. Айта кету керек, синтетикалық есірткі дайындау барысында адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті, улы химиялық компоненттер қолданылады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 6 ақпан 2026
СҚО-да жас жігіттен «синтетика» тәркіленді
-
21:14, 6 ақпан 2026
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
-
20:29, 6 ақпан 2026
Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актіні қатаң айыптады
-
20:17, 6 ақпан 2026
7 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:40, 6 ақпан 2026
Евгений Федоров тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды





