Алматы облысында мыңдаған шабақ құтқарылды

13:21, 2 қазан 2024

© Фото: primeminister.kz

Алматы облысының Балқаш ауданында күріш алқаптарын суаратын арналардан мыңдаған балық шабақтары құтқарылды.

Жыл сайын уылдырық шашу кезінде Іле өзенінен балық тұқымы каналдарға өтіп кетіп, қайта қайтуы қиындайтын.

Қазірдің өзінде Балқаш Алакөл балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мен шаруалар 700 мыңнан астам ұсақ балықты қайта табиғи ортасына жіберді, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұндай акциялар Іле өзені мен Балқаш көлінде балықтардың өсуін қамтамасыз етіп, қорын молайтуға септігін тигізеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!