Алматы облысында кроссовер көліктермен соқтығысып, жаяу жүргіншілерді де қақты - видео

22:50, 7 қазан 2026
MKZ: 1571122

© Сурет: Zakon.kz

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Кроссовер жүргізушісі бірнеше көлікпен соқтығысып, тротуардағы жаяу жүргіншілерді де қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты өзге көліктің видео тіркегішіне түсіп қалған. Видеодан кроссовердің алдымен артқа қарай қозғалған автокөлікке соғылғанын көруге болады.

Одан кейін көлік тротуарға ұшып, сол маңнан өтіп бара жатқан адамдарды, соның ішінде велосипедпен жүргендерді де қағады. Ақыры ол жол кептелісінде тұрған автокөлікпен соқтығысып барып, тоқтайды.

Аталған оқиғаға қатысты Zakon.kz тілшісіне өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Полиция қызметкерлері бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шеңберінде қажетті бастапқы процессуалдық іс-шаралар жүргізілді. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп жеткізді Алматы облыстық ПД 2026 жылғы 7 қазанда.

Ведомство қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Құқық қорғау органдары орын алған жол апатының барлық мән-жайын толыққанды, жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін қажетті шаралардың бәрі қабылданатынын, соның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!